Алматы облысындағы «Ізенді» полигонында жауынгерлік атыспен бригадалық-тактикалық оқулар өтуде

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Шығыс» аймақтық командованиесінің «Ізенді» оқу полигонында он күнге созылатын жауынгерлік атыспен бригадалық-тактикалық оқулар өтуде.
None
None

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан Республикасының шекаралық қызметімен өзара әрекеттестік және авиацияны қатыстырумен заңсыз қарулы құрылымдарға қарсы күрес мәселелері қарастырылуда.

Оқуларда «Шығыс» аймақтық командованиесіндегі әскери бөлімдердің қызметкерлері тапсырмаларды орындау бойынша әскери жауынгерлік тәртіп пен далалық жағдайдағы машықтарын жетілдіруде. Осының барлығы әскери қызметкерлердің жоғары моральдық-психологиялық сапасын, әскери техника мен қаруды дұрыс пайдалануды қалыптастырады.

«Ізенді» оқу орталығында ірі оқулар соңғы рет 2003 жылы өткізілгенін атап өту керек. Онда Шанхай ынтымақтастығы ұйымының қатысушы елдері терроризмге және экстремизмге қарсы күрес мәселелерін тәжірибе жүзінде қарастырды.

Соңғы жаңалықтар