Алматы облысындағы тәжірибелік бақтар алғашқы жемісін берді

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматы облысының Ұйғыр ауданында осыдан 2,5 жыл бұрын «Alma Prodex» ЖШС жүзеге асыра бастаған экспериментальды қарқынды бақтар жобасы алғашқы жемістерін берді.
None
None

25 гектар жерге отырғызылған бақтан биыл 100 тонннадан астам сапалы өнім алынды. Бұл туралы журналистерді бақ жұмысымен таныстыруы барысында айтылды.

Естеріңізге сала кетейік «Raimbek Group» АҚ құрамына кіретін «Alma Prodex» ЖШС 2008 жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ-ның қаржыландыруы, Алматы облысының әкімшілігінің қолдауымен Ұйғыр ауданында құны 200 миллион теңгелік жоғары өнімді қарқынды жеміс бақтары жобасын жүзеге асыра бастаған болатын. Қазіргі кезде бұндағы 20 гектар жерде Италия, Бельгия және Түркиядан сатып алынған алманың Голдан Делишес, Гала, Фуджи, Ред Делишез сынды 6 түрі, 5 гектар жерге алхоры, өрік, шабдалы, шие және алмұрт көшеттері отырғызылған. Бұлардың барлығы израильдік тамшылатып суландыру жүйесі технологиясы бойынша, сондай-ақ вируссыз кондырғы материалдар қолдану арқылы бапталады.

"Alma Prodex" ЖШС-нің басшысы Максим Коваленконың айтуынша, алма әдетте 5 жылда жеміс береді. «Алайда заманауи технологияларды қолдану нәтижесінде біздің бақ 2,5 жылда жеміс берді. Әр алма көшетінде 50 данаға дейін жеміс бар. Біздің елімізде 2,5 жылдық алма көшетінің бұндай жеміс беруі бұрын болмаған. Алғашқы жемістерге қарап жобаның алғашқы қадамы сәтті болды деуге болады» дейді бақ басшысы.

«Raimbek Group» АҚ -ның Басқарма кеңесінің төрағасы Райымбек Баталовтың айтуынша, бұл жобаның алғашқы кезеңі. «Келесі кезеңдегі мақсатымыз - қазақстандық сорттарды өркендету, олардың арасында ең бірінші біздің әйгілі апорттың бұрынғы атағын қайта шығару. Мені ылғи ұялтатын нәрсе, біз көне заманнан әйгілі болған ең дәмді және пайдалы алмалардың отаны болып саналып, Іле Алатау бөктерінде өмір сүрсек те, дәмсіз, жасанды өсірілген Қытай алмаларын сатып аламыз. Мен он жылдан астам уақыт бойы сүт және шырындар өндірісімен айналасатындығымнан, біз шетелдік шикізат және генді-өзгертілген өнімдерді сатып алмауымыз керек екенін жақсы білемін», дейді ол. Райымбек Баталовтың сөзіне қарағанда, бұл мақсатта алдағы 2-3 жылда арнайы зауыт салынып, бақ көлемі 150 гектарға дейін ұлғайтылады. «Қазір өсіп тұрған жемістердің сапасы шетелдік жеміспен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып шықты. Бұл біздің табиғи ерекшеліктерімізге байланысты. Сондықтан жоба ары қарай қарқынды түрде жалғасатын болды. Жалпы менің есебім бойынша бүкіл Қазақстанда қамту үшін 300-400 гектар жерге алхоры, өрік өсірілуі қажет. Бұл бізге жеке жеміс алуда да, шырын өндіруде де шет елдерге тәуелділіктен арылтар еді. Ал 200 гектар болса онда Кедендік одақ елдерін түгелдей қамти алар едік», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар