Алматы облысының әкімі әйелдерді алдағы мейраммен құттықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов 8 наурыз қарсаңында аймақтың 200 қыз-келіншегіне гүл сыйлап, ақшалай сыйлықтар тапсырды.
None
None

Олардың арасында - соғыс және еңбек ардагерлері, көпбалалы аналар, өз істерінің мамандары, қоғамдық өмірдің белсенді қатысушылары ретінде көрсеткен жастар қауымының өкілдері болды.

 Әрбір әйел аймақ басшысының қолынан 35 мың теңгеден алды. Ақшалай сыйлықтардан басқа әйелдерді облыс әкімінің шынайы құттықтаулары мен жылы лебіздері күтті. Шара барысында аймақ басшысы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін тапсырды. Салтанатты шара түскі дәммен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар