Алматы облысының әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясы ХVІІ сессиясының делегаттарымен кездесті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Достық үйінде облыстың жаңа әкімі Анзар Мұсаханов Қазақстан халқы Ассамблеясы ХVІІ сессиясының делегаттарымен танысты.
None
None

Қазақстан халқы Ассамблеясының Алматы облыстық төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай хабарлағандай, бұл атаулы шараға Алматы облысынан 36 делегат барады, оның ішінде 27-і - Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері.

Олардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері Леонид Гирш, «Парасат» және «Достық» ордендерінің кавалері Асылы Осман, «Парасат» орденінің кавалері Александр Бузыкин, «Қазақстан-Корея» достық қоғамының төрағасы Клара Хан және Жетісу өңірінің басқа да құрметті азаматтары бар.

Кездесу соңында А.Мұсаханов әр делегатқа Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесінің куәлігін табыс етті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум