Алматы облысының әкімі Жетісу өңірінің тұрғындарын Жаңа жылмен құттықтады
«Өтіп бара жатқан жылы көптеген маңызды оқиғалар болды. Бәрінен бұрын - бұл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, оны республикамыз бен ел Презинденті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүйелі саясатының арқасында басына түскен барлық сынақтардан табысты өте біліп, өзінің егемендігін, мемлекеттілігін, ұлтаралық келісімін сақтай алған, үдемелі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ете білген халқымыз үшін нағыз мақтанышпен атап өттік», - деп атап өтті облыс әкімі.
Оның айтуынша, 2011 жылы аймақ экономикасының серпінді дамуы жалғасты. Өндіріс өсімі облыс бюджетін алдағы үш жылдық мерзімге 224,3 млрд. теңгеге дейін көбейтуге мүмкіндік берді, бұл өткен үш жылдық жоспармен салыстырғанда 36 миллиардқа көп.
Бұдан басқа, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарламалар аясында «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бойынша облыста 9,6 млрд. теңгеге 10 жаңа индустриялық нысан, екі республикалық нысан - Мойнақ ГЭС-і мен «Жетіген-Қорғас» теміржол желісі қолданысқа енгізілді. 14 денсаулық сақтау нысанының, 5 жаңа мектептің құрылысы аяқталды, 38 балабақша ашылды. Барлығы 156 денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 48,3 млрд. теңгеге шағын және орта бизнес нысандарының 73 жобасы қаржыланды. «Бұл жолымыздың бастау ғана. Жаңа жылда біздің алдымызда одан да орасан зор міндеттер тұр!», - деп атап өтті әкім.
«Аймақтың барлық тұрғындарына еліміз гүлденуі жолындағы жанқиярлық еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Құрметті жетісулықтар! Жаңа жыл оптимизм мен жаңа табыстарға толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасылық молшылық, барлық тілектеріңіздің орындалуын тілеймін! Жаңа жылдарыңызбен!», - деген ізгі ниетін жеткізді А.Мұсаханов.