Алматы облысының аудан орталықтарында азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері өтуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ кентінде «Жетісу Агро Сауда» ЖШС-мен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл «Жетісу Агро Сауда» ЖШС Ескелді ауданында ашқан үшінші сауда орны. Олардың қатарында -  Ескелді би көшесінде орналасқан  «Еуразия» дүкені мен «Сарғалдақ» шаруа қожалығының «Санжар» сауда үйілері бар.

Азық-түлік өнімдері ауданның сауда желілеріндегіден 15-20 пайызға төмен бағамен, делдалдарсыз сатылуда.

Соңғы жаңалықтар