15:52, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Алматы облысының Ескелді ауданында балабақша ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында 90 орындық балабақша ашылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағанындай, Бақтыбай ауылдық округындағы «Балбөбек» балабақшасы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша салынған. Жобалық құны - 60 млн. теңге. Ғимараттың жалпы алаңы - 800 шаршы метр. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемеде 90 сәби тәрбиеленеді.
«Балабақшаның ашылуы ауылдағы жұмыссыз әйелдерге алаңдамай шаруаларымен айналысуларына, ал балаларды тәрбиешілерге қалдыруға мүмкіндік береді. Бұл - осы істің басы ғана. Келесі жылдың аяғына дейін облыста 212 балабақша іске қосылады», - деп атап айтты Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов.