Алматы облысының Көксу ауданында жаңа мектептің есігі ашылады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Көксу ауданының Еңбекшіқазақ ауылында жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.
None
None

Оның салынуы үстіміздегі жылдың көктемінде басталған болатын. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, қыркүйектің бірі күні оқушылар үшін жаңа мектептің есігі ашылады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мектеп «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының арқасында салынып жатыр.

Ауылдағы жаңа мектеп 180 орынға арналған. Оның құрылысы үшін «Жол картасы» аясында 227,5 миллион теңге қаражат бөлінген.

Соңғы жаңалықтар