18:55, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде үздік офицерлер марапатталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 66 жылдығы қарсаңында Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде үздік офицерлер марапатталды.

Департамент бастығы Мұрат Дарманқұлов салтанатты түрде полковник Шәміл Рахматуллин мен майор Мұсахан Есіркеповқа ІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалдарын табыс етті.
Облыс әкімінің құрмет грамоталарын аға лейтенат Ақназар Өсербаев пен старшина Эльмира Масалімжанова иеленді.