Алматы облысының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінде қызмет ететін әйелдерге «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі қонаққа келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. 7 наурыз. ҚазАқпарат - «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ансамблі - қазақ халқының музыкалық байлығының дәстүрлерін бірнеше жыл бойы сақтап келе жатқан Алматы облысындағы ұжымдардың бірі.
None
None

8 наурыз қарсаңында бірегей ансамбль Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің ғимаратында концерт қойды. Бұл - ұжымдағы ер адамдардың әйелдерге жасаған сыйлығы.

 Мереке қарсаңында рәсім залында Құрманғазы, Тәттімбет, Сүгірдің туындылары орындалды. Сыбызғы, жетіген, саз сырнай, шертер, сондай-ақ бұрын ұмытылған, ал қазіргі кезде қалпына келтірілген аспаптар - адырна, сазген, нарқобыздың дыбыстары орындалған шығармаларға ерекше реңк берді.

Соңғы жаңалықтар