Алматы облысының полицейлері рейстік автобусты тонады деген күдіктілерді ұстады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының полицейлері рейстік автобусты тонады деген күдіктілерді ұстады.
None
None

Кербұлақ аудандық ішкі істер бөліміне шағымданған «Өскемен-Алматы» бағытындағы «Сетра» автобусының 45 жастағы жүргізушісі, түнде, автобустың кабинасындағы ақша салынған әмияны және автомашинаның құжаттары ұрланғанын хабарлайды. Жәбірленуші алдыңғы орындарда отырған өзіне таныс үш жолаушыны суреттеп береді. Әлгілердің аялдамалардың бірінде түсіп қалғанын айтады. Жедел-іздеу шараларының барысында, күдіктілердің - автобус жүргізушісінің көршілері екенін, олардың уақытша Алматыда тұратындарын және жақын күндері Шығыс Қазақстанға жол жүргелі жатқандарын анықтайды.

«Күдіктілерге қатысты мәліметтер барлық патрульдік-бекет қызметтеріне хабарланып, «Жол кесу» операциясы жарияланды. Күдіктілер «Биже» бекетінде Өскеменге кетіп бара жатқан автобуста ұсталды. Заттай айғақтар табылды», деп хабарлады Кербұлақ аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іздеу қызметінің бастығы Төленді Тағаев.

Полиция әлгілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар