15:45, 31 Тамыз 2010 | GMT +5
Алматы облысының полициясы ірі көлемдегі героинді тәркіледі
ТАЛДЫҚОРҒАН. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының полиция қызметкерлері Алматы-Бішкек тас жолының 59-шы шақырымында орналасқан «Рубеж-Ақтерек» бекетіндегі жедел-іздестіру шараларының барысында «Ауди» автокөлігінің жолаушысынан ірі көлемдегі героин затын тәркіледі.
Бұл туралы Алматы облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тамыздың 30-ы күні такси ішін тексеру барысында көліктің жолаушысы болып келе жатқан Қырғызстанның 23 жастағы азаматынан 1 килә, 744 грамм салмақтағы героин табылып, тәркіленді.
Ер адам Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.