Алматы облысының прокуратурасы лаңкестікпен күресуде
Аталған семинарда «Соқыр сенім», «Жастар және дін», «Адасқандар», «Ақиқат» фильмдерінен басқа балаларға басқа да дәстүрлі емес діни ағымдар мен секталар туралы әдістемелік құралдар, кітапшалар ұсынылды.
Жиі қойылған сұрақтар Исламның дәстүрлі және дәстүрлі емес аспектілері арасындағы айырмашылықтарға, дәстүрлі емес діни ағымдар жолын ұстанушыларға байланысты құқықтық шараларға қатысты болды. Прокуратура қызметкерлері жастарға «жихад» және «кәпір» ұғымдарын, діни оқудың негізгі қағидаларын және ерекшеліктерін, мәзхабтардың ерекшеліктерін түсіндірді, сондай-ақ сектаға ілініп кетпеу үшін кеңестер берді. Діни рәміздер мен оқу орындарында хиджаб кию туралы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанында қандай оқу орындарының бар екені және шетелде теологиялық білім алудың қандай кері салдары болуы мүмкін екендігі көп айтылды.