Алматы облысының прокуратурасы шетелдік жұмыс күшін тартуға заңсыз рұқсат беру фактілерін анықтады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қазан. ҚазАқпарат - Алматы облысының прокуратурасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметінде шетелдік жұмыс күшін тартуға заңсыз рұқсат беру фактілерін анықтады.
None
None

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Сарқан Агро» шаруа қожалығына маусымдық жұмыстарға Өзбекстан Республикасының азаматтарын тартуға 16 рұқсат берген.

Құжаттарды тексеру кезінде сотталған не сотталмағандығы туралы анықтамалар тек сканерленген көшірмелер екендігі, ал Өзбекстан Республикасы ішкі істер органдары мекемелерінің ведомстволық мөрлері анықтамалардың мазмұнына сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Осылайша, шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 рұқсаттама заңсыз берілді.

Бұдан басқа, облыстық жұмысты үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Әбдірахымов» шаруа қожалығына Өзбекстан азаматтарын еңбекке тартудың тағы 11 рұқсатын бергені анықталды.

Облыстық прокуратураның наразылығы бойынша барлық 27 рұқсат өз күшін жойды.

Соңғы жаңалықтар