Алматы облысының тәртіп сақшылары 60 жасар азаматты өлтіру фактісінің ізін суытпай ашты

АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары Іле ауданы Боралдай қаласының 60 жасар тұрғынын өлтіру әрекетінің ізін суытпай ашты.
None
None

Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

 Оның айтуынша, аталмыш азаматтың өлі денесі өзінің үйінен табылған. Жедел-іздестіру шараларының барысында тәртіп сақшылары үйді жалдап тұрып жатқан 31 жасар азаматты қолға түсірді. Ол өзі тұрып жатқан пәтердің 60 жастағы иесін бұзақылық  ниетпен өлтірген. «Тексеру барысында мәлім болғанындай, екеуара спиртті ішімдік ішіп отырып, күдікті азамат пәтер иесін басынан балғамен ұрып құлатып, кейін оны буындырып өлтірген»,-деді ресми өкіл.

 Осы тектес оқиға Қостанай облысында да орын алған. Онда Буденовка ауылының екі тұрғыны өздерімен бірге спиртті ішімдік ішкен тағы бір азаматты пышақтап өлтіріп, қылмыстарын жасыру үшін  мәйітті Тобыл өзеніне лақтырып жіберген. Жедел-іздестіру шарасының барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Буденовка аулының екі тұрғынын ұстады. Оқиға болған маңайдан өлген адамның мәйіті табылды.

Соңғы жаңалықтар