08:28, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматы облысының таулы өзендері арналарынан тасып, су басу қаупі туындауы ықтимал
АНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының таулы өзендері арналарынан тасып, су басу жағдайлары болуы мүмкін.
Бұл туралы Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінен хабарлады.
«Алдағы тәулікте ауа температурасының жоғарылауынан және күтіліп отырған жаңбырларға байланысты Алматы облысының таулы өзендерінде су деңгейі көтеріліп, еріген қар мен жаңбыр суының тасқындары болады. Өзендер арналарынан тасып, су басу жағдайлары да болуы ықтимал. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су көлемінің ауытқуы байқалады. Жайық өзенінің Атырау облысының маңынан ағып өтетін бөлігінде, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде және Ертіс өзенінде су деңгейінің байыппен көтерілуі жалғасады, дегенмен, тасулар мен су басу жағдайлары күтіліп отырған жоқ», - делінген хабарламада.