Алматы облысының тұрғындары тапсырған қарулары үшін 178,5 млн теңге алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Аймақта тұрғындардан травматикалық және газ-травматикалық қаруды сатып алу бойынша шара жалғасып жатыр.
None
None

Бұл акция 2015 жылдың 1 қаңтарында басталды. Ол желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Бүгінде Алматы облысының тұрғындары ерікті түрде полицияға 4651 травматикалық қару тапсырды. Бұл жергілікті ішкі істер органдарында есепте тұрған қарудың жалпы санының 99,2% құрайды.

«Әзірге біз қабылдамаған 36 травматикалық қару бар. Бұл жалпы санының 0,8% құрайды. Жалпы сомасы 178 552 000 теңгені құрайтын 4375 қаруды сатып алу туралы шешім қабылданды», - деді облыстық ІІД лицензиялық-рұқсат беру жүйесінің инспекторы Юрий Пак.

Соңғы жаңалықтар