09:56, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Алматы облысының тұрғыны бейіттен снаряд тауып алды
ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысының тұрғыны бейіттен снаряд тауып алды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

"Жексенбі күні, 18 қыркүйекте таңертеңгі сағат 10-да Алматы облысының Іле ауданындағы Ащыбұлақ кентінің бейітінен жергілікті тұрғын снарядқа ұқсас затты тауып алды. Арнайы өткізілген шара барысында ол УН-ВЧ-62-42 маркалы снаряд екені анықталды", - деп нақтылады құтқарушылар. Снаряд ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері келгенше, полиция қызметкерлерінің қоршауына алынды.
Төтенше оқиғаны жоюға жедел әрекет ету қызметі, соның ішінде Алматы облысы ТЖД 6 адамдық жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жұмылдырылды.