Алматы облысының Жалаңаш ауылындағы таза су мәселесіне бюджеттен қаражат қаралса игі - сенатор Нұрлан Сүлейменов

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат -   Алматы облысы Райымбек ауданы Жалаңаш ауылындағы таза су мәселесіне бюджеттен қаражат қаралса игі. 
None
None

 Кеше ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Нұрлан Сүлейменов осылай мәлім етті.

«Таза ауыз су халқымыздың денсаулығының, демографиялық өсуіміздің және экономикамыздың тұрақты түрде дамуының бірден бір кепілі. Депутаттық қызмет бабымен ел аралап, халықтың жағдайымен танысу мақсатымен қайда барсақ та, осы ауыз су мәселесі бірінші кезекте тұрады. Соның бірі  Алматы облысы Райымбек ауданындағы Жалаңаш елді мекені. Бұнда тұрғындар үшін 2006 жылы «Таза ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 60 жылдан асқан ескі су жүйесінің орнына 282,0 млн. теңгеге жаңа су жүйесі жасалуы жоспарланып, жобалық-сметалық кұжаттама дайындалып, сараптамадан өткізілген еді. 2009-2010 жылдары су жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалды, жобалау  жұмыстары 14,0 млн. теңгеге жасалынды. Бірақ, 2011 жылы  республикалық бюджет есебінен жаңа су жүйесін жасау жұмысы жүзеге аспады», - дейді сенатор Н. Сүлейменов.

Депутаттың айтуынша,  Жалаңаш ауылының тұрғындары суға қатысты мемлекеттік бағдарламаның ауылға көмегі алты жылдан бері әлі тимегеніне өкпелі. Ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін әлі сақталып келеді. «Осыны ескере келе, Алматы облысы Райымбек ауданындағы Жалаңаш елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде қажетті қаражат қарастырылса игі», - деді Н. Сүлейменов.

Соңғы жаңалықтар