Алматы облысының жеті ауданында табиғаттың тосын мінезімен күрес жалғасуда

АЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының жеті ауданында табиғаттың тосын мінезімен күрес жалғасуда.
None
None

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, қардың еруі салдарынан Көксу және Ескелді аудандарында қызылсу жүріп өтті, Балқаш ауданында «Қапшағай-Балқаш-Қараой» айналма жолының 62-63-ші шақырымдарын су басып қалды. Қазір судың деңгейі түсіп, жағдай тұрақтана бастады.

Оған қоса, ақпанның 24-інде қардың еруі салдарынан Жамбыл облысының Тарғап ауылында аулаларды су басып қалды. Қазіргі уақытта су басқан 50 ауланың ішінде 3 үй зақымданған, олардың бірі апатты жағдайда тұр.

«Алматы-Бішкек» тас жолының су басқан учаскесі «Қазавтожол» күшімен тазартылып, қозғалыс жанданды. Ал Іле ауданының Ақши және Күрті ауылдарында геологиялық барлау бекетінің ғимараты ретке келтірілді, қауіпсіз аумаққа көшірілген тұрғындар үшін 10 орындық отыз шатыр тігілді, төсек-орындар жеткізілді. Ауылдарға азық-түлік өнімдері де жеткізілді, 2 дала асханасы құрылды.

Боралдай ауылындағы «Алматы қанты» акционерлік қоғамы топырақ пен құм салуға 10 мың қапшық бөлсе, №28237 әскери бөлімінің жеке құрамы бөгет жағалауын құм салынған қапшықтармен бекіту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бөгеттегі судың деңгейі мамандардың бақылауында.

Ескелді ауданының Ешкіөлмес ауылына 50 тонна тас және шлак жеткізіліп отыр, аулалардан су сорылып, арықтар тазартылуда. Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 56 адам және 10 техника жұмылдырылған.

Панфилов және Ұйғыр аудандарында да жағдай реттеліп келеді.

Соңғы жаңалықтар