Алматы облысының жұртшылығы Жеңіс күнін жоғары деңгейде атап өтті

ТАЛДЫҚОРҒАН. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Жеңістің 68 жылдығын мерекелеу Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қоюмен басталды.
None
None

Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскерилер, Алматы облысы және Талдықорған қаласы әкімдіктерінің жетекшілері Құрметті қарауылмен иық тиестіре тұрып, соғыс құрбандарын еске алды.

Бикен Римова атындағы драма театрының әртістері соғыс тақырыбынан көріністер қойды. Соңынан Талдықорған гарнизонының әскери қызметкерлері сап түзеп өтті. Облыс орталығындағы негізгі алаңда тігілген шатырлар қалашығында соғыс ардагерлері мен қонақтар майдан жылдарында туған әндерді тыңдап, солдат ботқасынан дәм татты.

Соңғы жаңалықтар