Алматы полициясы оқу мекемесінде бұрышты газ баллонынан газ шашқан оқушының аты-жөнін анықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы оқу мекемесінде бұрышты газ баллонынан газ шашқан оқушының аты-жөнін анықтады. Бұл туралы бүгін Алматы қ. ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Орта білім беретін оқу мекемесінің 9-сынып оқушысы 15 жастағы жасөспірім дене шынықтыру сабағы алдында баллондағы газды шашқанын мойындады. Оның айтуынша, ол баллонды сол күні мектепке бара жатып, жолдан тауып алыпты.

«Жасөспірімнен ата-анасының қатысуымен жауап алынды. Ол оқиғаға қатысты барлық мән-жайды баяндап берді. Қазір, бұл дерек бойынша тергеу жалғасуда. Бұл оқиға ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-ші бабының 1-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге енгізілді. Тергеу аясында зардап шеккен балалардың денсаулығына келтірілген зардаптың ауырлық деңгейін анықтау бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі», - деді Алматы қаласының Медеу аудандық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Ерлан Оралбеков.

Айта кетелік, Алматы қаласының Медеу ауданындағы Алатау кентінде орналасқан №7 орта мектептеге болған оқиға туралы ақпарат қаланың шұғыл қызметтерінің кезекші бөліміне 30 қараша күні таңертең келіп түскен болатын.

Қазір, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар