Алматы прокуроры мен комитет басшысы Талғат Ермегияевке қамқорлығы үшін қызметтен қуылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқармасының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияевке қамқорлық жасау қылмыстық ісі бойынша өкілетті органға ұсыныс енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

«Ұсынысты қарау нәтижесінде Бас прокурор Алматы прокуроры Миразовты мемлекеттік билік пен прокуратура органына нұқсан келтіре отырып, сотталушы Ермегияевпен заңсыз байланыста (ұялы телефоннан қоңырау шалып, сотталушының азаматтық әйелінің анасын емдеуді ұйымдастырған) болған және оның жазаны өтеу тәртібін бұзғандығын біле тұра прокуратуралық әрекет ету шараларын қабылдамаған. Сонымен қатар, біздің ұсынысымыз бойынша ҚР Қаржы министрлігі ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Сәрсенов лауазымды қызметінен босатылды. Ол сотталушы Ермегияевтың өтінішімен Ақмола облыстық «Еңбек» РМК-ні тексеру бойынша бұзушылықтардың жоқтығы туралы оң қорытынды шығаруға келіскен», - деді брифингте жемқорлыққа қарсы ведомство төрағасының орынбасары Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, аталған қылмыстық іс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органының 15 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жазаға тартылған. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Базылбеков пен оның орынбасары Төремұратовқа қызметке толық сай келмейтіндігі ескертілген.

Естеріңізге сала кетсек, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының үкімімен 14 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар оған материалдық жауапкершілігі жоғары мемлекеттік лауазымды иеленуге өмір бойына тыйым салынды және "Парасат" ордені қайтарып алынды.

Фото: theopenasia.net

Соңғы жаңалықтар