15:43, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматы шаңғыдан әлем чемпионатын өткізуге өз кандидатурасын ұсынды
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Халықаралық шаңғы федерациясы 2019 жылғы шаңғы спортынан әлем чемпионатын өткізуге кандидат қалалардың тізімін жариялады. Тізімде Алматы қаласы да бар, деп хабарлайды «Аламан» ұлттық спорт порталы.

Алматыдан бөлек Оберстдорф (Германия), Планица (Словения) және Зеефельд (Австрия) те өз кандидатураларын ұсынған. Әлемдік сынды қабылдайтын қала келер жылы 5 маусымда белгілі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2017 жылы қысқы Универсиада өтеді.