08:41, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
«Алматы-Ташкент» күре жолында 1 адам құрбан болып, 4-еуі зардап шекті - ТЖМ
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте «Алматы-Ташкент» автожолында 1 адам мерт болып, тағы 4-еуі зардап шекті, деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Ведомство баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сәуірдің 5-і күні түскі сағат 3 шамасында Жамбыл облысы Шу ауданын басып өтетін автожолдың 283-ші шақырымында «Тойота» және «Ниссан» автокөліктері соқтығысып қалған, нәтижесінде «Ниссан» машинасы аударылған.
Жол апаты салдарынан аударылған көліктің бір жолаушысы ауруханада көз жұмса, тағы 4-еуі, оның ішінде 2 және 5 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.