Алматы технологиялық университеті Корея өнеркәсіп технологиялары институтымен меморандум жасады

АТЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы технологиялық университеті Корея өнеркәсіп технологиялары институтымен меморандум жасады.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «»тауарлар өндірісінің инновациялық технологиялары, жеңіл өнеркісіп бұйымдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде айтылды.

«Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында химия мен жеңіл өнеркәсіп салаларында белсенді қалпына келтіру мен даму үдерісі басталғанын айтты. Алматы технологиялық университеті білім жүйесінде тігін және жеңіл өнеркәсіп саласындағы бас жоғары оқу орны ретінде кадрлармен қамтамасыз етуді шешу мен өндірісті өсіруге өз үлесін қосуда. Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың көкейкесті мәселелері бойынша халықаралық конферециялар өткізу дәстүрге айналды» , - дейді АТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы Талғат Құлажанов.

Оның айтуынша, бұл жоғары оқу орны қазір Қазақстан ғана емес Орталық Азия саласындағы жетекші ғылым мен білім орталығы саналады. Мұнда 10 жылдан астам уақыттан бері жеңіл өнеркәсіп мәселерін зерттейтін ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасайды. Ондағы ғылыми жасалымдар аталмыш саладағы кәсіпорындарда кеңінен енгізілуде. «Сол себепті біздің университет қазір жеңіл өнерәсіп саласы үшін жаңа технологиялар құру мен бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісінде ғылыми орталыққа айналды деп сеніммен айта алам. Жақында Корея өнеркәсіп технологиялары институты, Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру департаменті, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті, Кореяның «i-Fashion» технология орталығы, ҚР Индустриалдық технологиялар қауымдастығы және Алматы технология университетімен оқу орны жанында Қазақстан-Корея технлогия және дизайн ғылыми-білім беру орталығын құру туралы меморандумдар жасалды», - дейді Талғат Құралбекұлы.

Соңғы жаңалықтар