13:01, 04 Наурыз 2012 | GMT +5
Алматы-Жамбыл күре жолында автобус аударылып, өзбекстандық азамат қаза тапты
ТАРАЗ. 4 наурыз. ҚАазАқпарат - Жамбыл облыстық ТЖД кеше, 3 наурызда болған жол оқиғасы жайлы хабардар етті.

Республикалық маңыздағы Алматы-Ташкент күре жолында Байзақ ауданы аумағында «Сетра» жолаушылар автобусының жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай, автобусын аударып алды, делінген аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Апат салдарынан бір Өзбекстан азаматы адам қаза тауып екі жолаушы Тараз ауруханасына жеткізілді. Автобус салонында 31 адам болған, бәрі де өзбекстандықтар.