20:52, 24 Қазан 2015 | GMT +5
Алматы жастары БҰҰ 70 жылдығына орай флешмоб ұйымдастырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының жастары БҰҰ 70 жылдығына орай «Жастар бейбітшілік үшін» деп аталатын флешмоб ұйымдастырды. Республика сарайы алдындағы Абай алаңына жиналған 500-ден астам жас азамат қолдарына арнайы шам ұстап «UN» әріпін бейнелеп, би биледі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 70 жылдық мерейтойына арналған бұл шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, БҰҰ Қазақстандағы үйлестірушісі Николай Ботев, ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев және Қазақстанның БҰҰ-дағы алғашқы елшісі Ақмарал Арыстанбекова қатысып, жастардың флешмобын тамашалады.
Ал көгілдір жейде киіп, қолдарына неондық білезік таққан және қол шам ұстаған жастар замани билерді билеп мәз-мейрам болысты.
Сонымен қатар, бүгін «Қазақстан» қонақ үйі БҰҰ 70 жылдық мерейтына орай көгілдір түспен «боялды.
Айта кетелік, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 1992 жылы 2-ші наурызда мүшелікке өткен.