Алматыда 14 мыңнан астам кәсіпкер патенттерін «электронды үкімет» арқылы алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 14 485 кәсіпкер, өздерінің кәсіпкерлік қызметін патент негізінде арнайы салық тәртіптемесі бойынша жүзеге асырады.
None
None

Жыл басынан бері салық төлеушілердің бұл санаты бюджетке 236,9 млн. теңге төлеген. Өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 103 пайызды құрап отыр, деп хабарлады Алматы қаласы бойынша салық департаментінің баспасөз қызметінен.

Патент алу үшін есептемелерді салық органдарына қағаз жүзінде немесе салық органдарына келмей-ақ, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы өткізуге болады. Патентті «электронды үкімет» арқылы алу кәсіпкердің уақытын да ақшасын да үнемдейді.

Бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша жеке кәсіпкерлердің 99,5 пайызы немесе 14 384 кәсіпкер патентті «электронды үкімет» арқылы алады.

Салық заңнамасына сәйкес, жұмысшы жалдамайтын жеке кәсіпкерлер патент негізіндегі арнайы салық тәртіптемесін қолданады. Олардың бір жыл ішіндегі табысы ең төменгі жалақының 300-еселік мөлшерінен аспайды.

Бұл жерде патенттің бағасы жыл ішінде алынған табыстың бары-жоғы 2 пайызын ғана құрайды.

Соңғы жаңалықтар