Алматыда 16-шы KITEL телекоммуникациялар көрмесі ашылды

АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыдағы «Атакент» іскерлік сауда орталығында 16-шы KITEL телекоммуникациялар көрмесі ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Көрмеге әлемнің 10 елінен 60 компания қатысуда. Олар «Телекоммуникациялар және компьютерлік технологиялар», «Телерадиохабарлар және кең жолақты желілер», «Бағдарламалық жарақтандыру», «Банк технологиялары және жабдықтары, қызметтері» бойынша өз өнімдерін ұсынуда. Шараны қазақстандық «Iteca» және ресейлік «ITE Moscow» компаниясы ұйымдастырған.Көрме аясында «Сандық хабар тарату» тақырыбында арнайы конференция өтеді. Көрме жұмысы мамырдың 27-не дейін жалғасады.
Соңғы жаңалықтар