Алматыда 50-ден астам адам «Сәтті қадам» республикалық жобасының 2-ші кезеңіне өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Сәтті қадам» республикалық жобасының 2-ші кезеңі басталды. Оны ұйымдастырушы - «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты.
None
None

«Бұл жоба осымен үшінші жыл қатарынан жүзеге асырылып жатыр. Ондағы басты мақсат - жоғарғы оқу орындарын бітірген жас мамандарға жұмысқа орналасып кетулеріне көмектесу. Бірінші кезеңде құжаттар қабылданады. Ал екінші кезеңде комиссия мүшелері үміткерлермен әңгімелесу өткізеді. Содан, таңдап алынған жастар алдағы қыркүйек айынан бастап, «Нұр Отан» партиясымен ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойған ұлттық компанияларға, мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындарға тағлымдамадан өтуге жіберіледі. Бүгінгі таңда Алматыда 30-дан астам Меморандумға қол қойылған», - деді өз сөзінде жобаның үйлестірушісі Жәудір Аздархан.

Оның айтуынша, 2013 жылы 150-ге жуық адам әңгімелесуден өткен екен. Олардың үшеуі өз мамандықтары бойынша қызметке орналасыпты. Бұл жолы жоба ұйымдастырушылары 80-нен астам өтінімді қараған. Сөйтіп, алдын ала іріктеу нәтижесі бойныша екінші турға 50 адам жіберілді.

«Үміткерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білетіндігі, көпшілдігі, дипломындағы жоғары балы, қоғамдық өмірдегі белсенділігі секілді талаптар бойынша таңдап алынады. Оларға өндірістік іс-тәжірибеден өтуге мүмкіндік беріледі. Бұл үш айға созылады. Одан кейін, егер үміткер жұмыс берушінің көңілінен шықса, бір-бірімен тіл табысып жатса, онда, әрине, жұмысқа қабылданады», - деді «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, жобаның комиссия мүшесі Станислав Канкуров.

Соңғы жаңалықтар
Референдум