10:47, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Алматыда әдебиеттану, өнертану және фольклортанудың өзекті мәселелерін саралайтын халықаралық конференция болады
МАТЫ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ертең, 27 қыркүйек күні "Қазіргі әдебиеттану, өнертану және фольклортанудың өзекті мәселелері" деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

Бұл шараны ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты ұйымдастырып отыр. Ол ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының құрылғанына 50 жыл толуына арналған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мәслихаттан кейін, 28 қыркүйек күні Мұхтар Әуезов шығармаларының 50 томдық академиялық толық басылымының тұсаукесері болады. Сондай-ақ жан-жақтанкелетін қонақтарды "М.О.Әуезов үйі" ғылыми-мәдени орталығымен таныстыру да көзделіп отыр.