Алматыда АҚШ-пен сауда-саттық және Қазақстан экономикасына американдық инвестицияның перспективасы мәселелері талқыланды

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда АҚШ-пен сауда-саттық және Қазақстан экономикасына американдық инвестицияның перспективасы мәселелерін ҚР Экономикалық интеграция істері мәселелері министрі Жанар Айтжанова мен АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі сауда өкілі Майкл Делани талқылады.
None
None

Министрлік деңгейіндегі кеңес Сауда мен инвестицияны дамыту жөніндегі шекті келісім аясында өтті. Бұл келісімнің іске қосылғанына 8 жыл болды. Оған Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Америка Құрама Штаттары қатысады. Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда-саттық тұрақты өсіп келеді. «Қазақстанға біздің экспортымыздың негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдері, тау-кен және мұнай секторына арналған құрал-жабдықтар құрайды. Бұл, әрине бізге сөзсіз қажет. Өйткені Қазақстан әлемдік нарыққа мұнайдың ірі жеткізушісі болып табылады», - деді М.Делани.

Өз кезегінде Ж.Айтжанова: «АҚШ Еуропалық Одақ елдерінен кейінгі біздің ірі инвестициялық әріптесіміз әрі Қазақстан экономикасына екінші ірі инвестор. Айта кетерлігі, тек өндіру және мұнай секторында ғана емес, соңғы жобалардан көріп отырғанымыздай қайта өңдеу секторында да олардың үлесі бар», - деді.

Кеңес аясында келісімге қатысушы елдер өкілдері өзара сауда-саттықты дамытудың жолдарын,  жан-жақты талқылады.

Бүгінде Қазақстанда 400-ден астам компания американдықтардың қатысуымен жұмыс істеуде. АҚШ-тың Орталық Азия елдеріне салған инвестициясының 80 пайызы біздің елге тиесілі. 2012 жылдың қаңтар-наурызында ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 572 млн. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар