Алматыда алғашқы қардан ағаштар сынды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда алғашқы қарды көтере алмай ағаштар сынған. Бұл туралы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
None
None

ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, Алматыда 4 ағаш құлаған. Ағаштар тротуарға ғана емес, тұрақта тұрған көліктерге де құлаған.

Айта кетейік, Алматының жылы ауа райы түнде суытып, таңға жуық қар түскен.

ҚР ІІМ ТЖК Алматыда -6 градусқа дейін күн суытатынын хабарлаған болатын. 

null null  

Соңғы жаңалықтар