13:20, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда алғашқы тоқсанда айлық орташа жалақы 3 пайызға өсті ? қала әкімі
АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда алғашқы тоқсанда айлық орташа жалақы 3 пайызға өсті.
Оны әкім Ахметжан Есімов бүгін «Нұр Отан» халықтық -демократиялық партиясының қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімнің айтуынша, қалада айлық орташа жалақының 3 пайызға ғана өсуіне, негізінен аз жалақы төленетін санаттағы жұмысшылар саны себеп болды. Алматыда жалпы алғашқы тоқсанда айлық орташа жалақы денсаулық сақтау саласында 23,3 пайызға өскен болатын. Мұндай жоғары өсім білім беру саласында да көрініс тауып, онда ол 21,4 пайызды құрады.