Алматыда алғашқы тоқсанда екінші деңгейлі банктер 1 триллион 84 миллиард теңгенің несиесін берді

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда алғашқы тоқсанда екінші деңгейлі банктер өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда несиені 24 пайызға артық берді. Бұл туралы әкім Ахметжан Есімов бүгін «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қалалық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Екінші деңгейлі банктер алғашқы тоқсанда 1 триллион 84 миллиард теңге несие берді. Бұл өткен жылғы деңгейден 24 пайызға артық. Бұл қаражат қазір қала экономикасында жұмыс жасауда. Сәуірде наурыз айымен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,3 есеге өсті. Бұл өткен жылғы дәл осы мерзіммен салыстырғанда 3,1 пайызға жоғары», дейді «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ахметжан Есімов. Оның айтуынша, алғашқы айларда негізгі капиталға салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес айларымен салыстырғанда жартысынан да аз болған еді. Бұл көрсеткіш соңғы айларда теңеліп қана қоймай, енді асып түсе бастады.
Соңғы жаңалықтар