Алматыда «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртке оранды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртке оранды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова хабарлады.
None
None

«Таңертеңгі сағат 10.26-да Рысқұлов көшесі мен Құлжа тас жолының қиылысында орналасқан «Алма-Ата» дәмханасының жазғы алаңы өртеніп жатыр деген хабар түсті. Оқиға орнына 4 техника шықты. Өрт сағат 10.54-те сөндірілді», - деді Сандуғаш Баймұхамбетова. Оның айтуынша, қызыл жалын 60 шаршы метр аумақты қамтыған. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар