Алматыда «Алматы аулалары» бағдарламасы қайта іске қосылады

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2011 жылы жергілікті бюджеттен 400 млн. теңге бөлінген, оның 50 млн. теңгесі жобалық-сметалық құжаттарды дайындауға жұмсалған. Бағдарлама бойынша бірінші кезекте - абаттандыруға жататын 655 аула алаңының 82-і жасалады, оған жұмсалатын қаржы көлемі - 350 млн. тенге. Бұл Алмалы ауданының - 30, Әуезов ауданының 52 ауласы. Қалған аудандардағы 573 аула 2012-ші жылы жасалып, 2013 жылы аяқталады. Атап айтқанда 2012-2013 жылдары Алатау ауданының (41 аула), Бостандық (133), Жетісу (22), Медеу (49), Алмалы (123), Әуезов аудандарының (205) аулалары жасалады.
Ал, Түрксіб ауданында аулаларды көгалдандыру жұмысы бүгінге дейін аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылы қолға алынған «Алматы аулалары» бағдарламасы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде тоқтатылған болатын. Абаттандырылған аулаларды дұрыс ұстау жауапкершілігі пәтер иелері кооперативтері мен тұрғындарға жүктеледі.