Алматыда «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Республика сарайында «Тәуелсіздікке тағзым» атты тақырыпта «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы басталды. Оған бүкіл Қазақстан бойынша айтулы 22 ақын қатысуда.
None
None

«Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы осымен төртінші рет өтіп жатыр. Бұл шараның негізгі мақсаты - Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің өтіп бара жатқан жыл ішінде қол жеткізген табыстарын өлең сөзбен халыққа жеткізу.

Сондай-ақ, биыл өзінің жиырма бес жылдығына қадам басқалы тұрған тәуелсіз еліміздің дамуындағы қол байлау болып отырған кейбір келеңсіз мәселелерді айту. Бұл айтыс бұған дейін Астанада өтіп келген болатын. Ал биыл Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің ұсынысымен тәуелсіздіктің алтын бесігі, азаттығымыздың алтын ордасы Алматыда өткізіліп отыр» - деді «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте иегері, ақын Жүрсін Ерман.

Сонымен қатар, ол екі күнге созылатын айтысқа нағыз мықты ақындар жиналғанын жеткізді.

«Биыл жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған үлкен айтыстар өтті. Сол үлкен айтыстарда топ жарып, жеңімпаз атанған, жүлдегер болған 22 ақын бүгінгі аламан айтысқа келіп отыр. Олардың ішінде Айбек Қалиев, Болатбек Оразбаев, Еркебұлан Қайназаров, Аспанбек Шұғатаев, Иранғайып Күзембаев, Қалижан Білдәшев, Жансая Мұсина, Мақсат Ақанов сынды аузымен құс тістіген ақындар бар» - деді Ж. Ерман.

Соңғы жаңалықтар