Алматыда «Алтын жүрек-2015» аясында қайырымдылық бәссаудасы өтеді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Алтын жүрек-2015» сыйлығының 9 жылдық тарихында 2000 баланың өмірі құтқарылып, 100 мектеп салынды. 300 балалар алаңы, 70 балабақша жөнделді. Бұл туралы бүгін Алматыда «Бауыржан» қорының президенті Жұлдыз Омарбекова айтты.
None
None

Оның айтуынша, биылғы мерекенің ерекшелігі ретінде қайырымдылық бәссаудасын атауға болады. Онда 9 лот қойылады. Оның ішінде олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың қолтаңбасымен футболка, «Милан» футбол клубының легионерлерінің қолтаңбасымен футбол доптары, Қазақстан 2015 аруы Регина Вандышевамен кешкі ас және белгілі саясаткермен кешкі ас бәссаудаға қойылады. Әзірге қалған лоттардың не екендігі де құпия болып отыр.

Айта кету керек, «Милан» футболистерінің добын Алматы облыстық №1 балалар интернатының оқушылары берді.

«Биыл «Алтын жүрек-2015» қайырымдылық сыйлығы 9 рет беріледі. Аукционнан түскен қаржы Қызылорда қаласында балалар алаңының құрылысына жұмсалады. Әр лоттың құны 15 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін жетеді», - деді Ж.Омарбекова.

Қазірдің өзінде «Алтын жүрек» премиясына 200-ден астам өтініш түскен. Осы уақытқа дейін әнші Роза Бағланова, бизнесмен Айдын Рахымбаев, Бауыржан Оспанов, 350 баланың анасы Тұяқ Есхожина, Аружан Саин «Алтын жүрек» премиясының лауреаттары атанып келген.

Соңғы жаңалықтар