15:23, 23 Қазан 2012 | GMT +5
Алматыда апатты және жоспарлы жұмыстардың салдарынан екі ауданның тұрғындары суық сусыз қалды
АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін су жүргізетін құбырлардағы апатты-қалпына келтіру операцияларын өткізу кезінде апатты жұмыстардың салдарынан қаланың Түрксіб ауданындағы бірқатар көшелер мен «Алтай» шағынауданының тұтынушылары суық сусыз қалды, деп хабарлайды «Алматы су» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Жоспарлы жұмыстардың өткізілуіне байланысты Жетісу ауданының абоненттері де суық сусыз қалды, атап айтқанда, Гоголь көшесі - Райымбек даңғылы - Чайковский көшесі - Сейфуллин көшесіндегі үйлер. Соның ішінде № 90 мектеп-лицейі, «Адамды репродукциялау қалалық орталығы» МҚКК және № 1 балалар емханасы бар.