Алматыда «Апорт» ірі сауда моллында тұңғыш ойын- сауық паркі ашылды

АЛМАТЫ. Ақпанның 26-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін еліміздегі ең ірі «Апорт» моллында тұңғыш отбасылық демалысқа арналған «Fanky Town» атты ойын-сауық паркі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парк «Апорт» моллының екінші қабатында 2300 шаршы метр аумақта орналасқан. Ойын алаңында түрлі жастағы балаларға арналған соңғы үлгідегі 18 атракцион, 100 ойын автоматтары қойылған. Ашылу салтанатына орай, молл басшылығы мүмкіншілігі шектулі балаларға есігін ашып, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін тегін көңіл көтеруге шақырған.

«Fanky Town» басшылығы жобаны іске асыруға кіріскен сәттен бастап әлеуметтік жауапкершілік қағидасын ұстанған. Қайырымдылық жұмыстары мұнымен тоқталмайды. Қазір Қарасай ауданындағы барлық балалар үйлерімен байланыс орнатып жатырмыз. Біз сонымен қатар, Қарасай ауданындағы мектептерде «Озат оқушы» деп аталатын арнайы шара ұйымдастырамыз. Акция кезінде ең үздік оқитын 1-5-ші сынып оқушылары парктің бонус карталарымен марапатталатын болады», деді ашылу салтанатында «Апорт» моллының қаржылық даму жөніндегі директоры Дмитрий Ревин. Оның айтуынша, паркте 70-тен астам жаңа жұмыс орны ашылып, менеджерлер Израилде арнайы оқудан өтіп, «Magic Planet» ойын-сауық желісінде тәжірибе жинақтап келген.

«Барлық аттракциондар мен ойын автоматтарын Италия, Испания, АҚШ, Жапония сынды ойын-сауық индустриясымен айналысатын әлемдік көшбасшы компаниялар жасап шығарды. Аттракциондар қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап береді. Біз ойын-сауық орынының дизайн жағынан ерекше болуын қалағандықтан, безендірілу жағын балалардың талғамына қарай, таныс мультифильм кейіпкерлерімен заман талабына сай көркемдедік. Атап өтерлігіміз, паркке бірінші рет Алматы аумағында қойылмаған жаңа 4 аттракцион әкелінді. Аттракцион атаулары қазақша аталады. Ойын алаңының қызмет құны қаладағы демалыс орындарына қарағанда 20-30 пайызға төмен. Бір аттракционға отыру бағасы 150-250 теңге аралығында. Біз сондай-ақ ақы төлеуде карталы жүйені енгіздік», деді парктің басқарушы директоры Юрий Водолеев.

Соңғы жаңалықтар