Алматыда аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирі басталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда кешкі сағат 19:30-да «Алматы Тауэрс» көпсалалы кешенінде аралас жекпе-жектен «Дала батырлары» халықаралық турнирі басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 23 жылдығына арналған аталмыш жарыста 12 жұп бақ сынасады.
None
None

«Біз соңғы 4 жыл ішінде Алматыда бірнеше халықаралық турнир өткіздік. Бірақ, бүгінгі турнирге әлемдегі мықты деген сайыскерлер жиналды. Өз елдерінде рейтинг бойынша алғашқы бестікке еніп жүрген, жекпе-жек өнерінің кейбір түрлері бойынша жоғары жетістікке қол жеткізген жігіттер. Сайыстарға әділ баға берілуі үшін бұл жолы өте мықты төрешілер алқасы құралды. Қапталдағы төрешілер - жақын шетелдерден келген мықты мамандар», - деді осы турнирді ұйымдастырушы «Alash Pride KZ кәсіби жекпе-жек клубының бас бапкері Асхат Ерболатов.

Айта кетелік, Ресейде аралас жекпе-жек өнерінің ережелерінің негізін қалаушылардың бірі, Ресей аралас жекпе-жек Одағының төрешілер алқасы төрағасының орынбасары Игорь Демидов турнирдің бас төрешісі қызметін атқарады.

Аталмыш турнирде тұңғыш рет «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша үш салмақ категориясында Әлем чемпионы атағы үшін үш белбеу тігіледі. Қуат (лақап аты «Найман») Хамитов, Қайрат (лақап аты «Қазақ») Ахметов және Махир (лақап аты «Құрыш аяқ») Мамедов өз салмақ категорияларында «Alash Pride FC» нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағы үшін осы үш белбеуді сарапқа салады. Олардың қарсыластары есімдері жалпақ жұртқа танымал, өз елдерінде рейтинг бойынша алғашқа бестікке еніп жүрген, бірқатар жекпе-жек түрлері бойынша Әлем чемпионы атанған мықты спортшылар: Тиаго Луиз «Нигао» До Насчименто (Бразилия), Салах (лақап аты «Алжирлік») Элкас (Франция) және соңғысы Махир Мамедовтың қарсыласы - Валериус «ВМ» Миколаускас (Латвия).

Ал турнирдің басты кездесуі, яғни супер кездесу қазақстандық Әділ (лақап аты «Боран») Боранбаев пен ресейлік Венер (лақап аты «Башқұрт») Галиев арасында өтеді.

Сонымен қатар, турнир аясында Ержан (лақап аты «Арлан») Естанов пен дағыстандық Рәсүл (лақап аты «Қара жолбарыс») Мырзаев арасында көптен күткен қарымта кездесу өтеді. алғашқы кездесу бұдан 2 жыл бұрын өткізіліп, Рәсүл Мырзаев жеңіске жеткен болатын. Енді көптен күткен қарымта матч өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар