Алматыда ардагерлер арасында бильярд спорты бойынша Жеңіс күніне арналған турнир басталды

АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Бастау» бильярд клубында ардагерлер мен елдің еңбек сіңірген зейнеткерлерінің арасында дәстүрлі, 12-ші мерекелік турнир басталды.
None
None

Жарыстар 9 мамыр - Жеңіс күнін мерекелеуге орайластырылған.Турнирге Алматы, Шымкент, Тараз, Көкшетау және Астана қалаларынан 30 спортшы қатысады.

Қатысушылар жас шамасына қарай екі топқа бөлінген: 63 - 74 жас аралығы және 75 жас және одан үлкендер. Жасы ең үлкен спортшы - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, еңбек майданының қатысушысы, профессор Май Хван, ол 83 жаста.

Турнир екі кезеңде өтеді: біріншісі - екі рет жеңіліске дейінгі іріктеу ойындары. Екінші кезеңге бірінші тур қорытындысы бойынша үздік нәтижеге қол жеткізген 16 спортшы қатысады. Финалдық ойындар - үш жеңіске дейін. Турнир 26 сәуірде аяқталады. Сол күні финал ойындары және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтеді. Ұйымдастырушы - ҚР бильярд спорты федерациясы.

Соңғы жаңалықтар