Алматыда аса ірі көлемдегі есірткімен Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғыны ұсталды

«Қордайдың еш жерде жұмыс істемейтін тұрғыны аса ірі көлемде есірткі сатып алушыны іздестіруде деген жедел ақпарат таралған болатын. Мұнымен қоса, ол бөлшектеп сатып алушы емес, тек көтерме саудамен сатып алатын клиенттер іздестірген. Бұл мәліметті тексеру үшін небәрі бір тәуліктен аз уақыт кетті. Оны ұстау операциясын біз келесі күні жедел әрекет ету арнайы жасағының сарбаздарымен бірлесе отырып жүргіздік», - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция майоры Денис Лоскутов.
Ренат сатып алушысымен кездесуді Бостандық ауданындағы 24-ші июнь көшесінің бойындағы үйлердің бірінің ауласында белгілеген. Есірткі екі полиэтилен пакетке мұқият салынып, одан газет түйіншекке оралған.
«Жауап алу кезінде ұсталған жігіт істегенін мойындап, бұл істе жалғыз өзі әрекет еткенін хабарлаған. Сонымен қоса, ол өзінің екі жыл бойы жұмыс таппағанын, сол себептен осындай қылмыстық жолға барғанын айтқан. Қордайда ата-анасымен және үлкен ағасының отбасымен бірге тұрған оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Ұсталғанның бұл қылмыста сыбайластарының бар-жоғы әлі мұқият тексерілетін болады», - деп сөзін қорытындылады майор Лоскутов.
Бұл аралықта, қалалық есірткі бизнесіне қарсы күресушілер айтқандай, алынған есірткі химиялық сараптамаға жіберілді. Оның нақты салмағы 1 килә 737 грамды құрады.