Алматыда асфальттың опырылып түсуіне кінәлі шенеуніктер жауапқа тартылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық энергетика жəне коммуналдық шаруашылық басқармасы опырылған жол учаскесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін Асқаров көшесінде асфальт төсемі бірнеше жерден опырылып түскен болатын. Шұңқырға су таситын көлік түсіп кетіп, оны екі бульдозер сүйреп шығарды.  

"Алдын ала мәлімет бойынша, асфальттің сегментарлы отыруының себебі, жол үстінің жауын-шашын суымен шайылып кетуі",- деді басқармадан.

Құзырлы органның хабарлауынша, қалада  инженерлік желілерді ауыстыруға байланысты 4-5 учаскеде топырақтың шайылғаны анықталды.

Алматыда Асқаров көшесінен бөлек,  «Қалқаман-2»- шағын ауданындағы  Достық (Қалқаман) пен Ясауи көшелерінің қиылысында, Əшімов (бұрынғы Əуезов-Қалқаман) көшелерінде жол жабындысы бұзылған.

"Қала көшелеріндегі бұзылған жолдар бір тəулік ішінде қалпына келтіріледі. Құрылыс жұмыстарын аталмыш учаскелерде жаңа инженерлік жүйелерді тартумен айналысқан «Титан сервис» ЖШС,  «Алвис» ЖШС мен «Алматыинжстрой» АҚ жүргізуде. Жолдардың бұзылған жерлеріне топырақ пен құм төселіп тегістелді. Көліктер кедергісіз жүріп жатыр",- деп мәлім етті басқармадан. 

Қала билігі мердігер ұйымдар мен лауазымды тұлғаларды жауапқа тартуға уәде етті.

Абырой болғанда инженерлік желілерге зақым келмеген.

Соңғы жаңалықтар