Алматыда Ауғанстан бойынша «Ыстамбұл үдерісі» елдерінің сыртқы істер министрлерінің ІІІ конференциясы өтеді

АЛМАТЫ. 25 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда Ауғанстан бойынша «Ыстамбұл үдерісіне» қатысушы елдердің сыртқы істер министрлерінің 3-ші конференциясы өтеді.
None
None

Оған 26 сәуір күні 14 қатысушы-елдің, 17 қолдаушы мемлекеттің және 11 халықаралық ұйымның өкілдері қатысады. Іс-шараға ҚР Президенті НұрсұлтанНазарбаев қатысады деп күтілуде.

«Азия жүрегі» форматындағы Ыстамбұл үдерісінің мәні Ауғанстанды тең құқылы және жауапты серіктес ретінде аймақтың экономикалық және саяси өміріне тарту болып табылады. Ауғанстандағы қауіпсіздік және оның тұрақты дамуы аймақтық қауіпсіздікке тікелей ықпал ететіні белгілі.

Алматы конференциясына Ауғанстан, Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан,Түркия, БАӘ секілді аймақ елдерінің сыртқы істер министрлері және бақылаушылар ретінде басқа елдерден, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдардан жоғары лауазымды тұлғалар қатысады.

Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісі (ЫҮ) Ыстамбұлда 2011 жылғы 2 қарашада «Азия жүрегі» деп аталатын форматта сыртқы істер министрлері деңгейінде Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияны өткізу қорытындысы бойынша енгізілген. 2012 жылғы 14 маусымда Кабулда ЫҮ екінші министрлер конференциясы өтті.

Соңғы жаңалықтар