Алматыда аутист балаларды қолдау мақсатында әуеге 2 мың көк түсті шар ұшырылды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпараттарды тарату күні аясында «Асыл Мирас» жеке қайырымдылық қорының өкілдері волонтерлер және аутизм дертіне шалдыққан балалардың ата-аналарымен бірлесе отырып, әуеге 2 мың көк түсті шарды ұшырды.

«Біздің қордың «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы жылында біз Алматы мен Астанада екі оңалту орталығын аштық. Оларда қазіргі таңда 200-ден астам бала оңалту курсынан өтіп жатыр. Ал 400-ден астам балаға тиісті диагноздар қойылды. Ал олардың ата-аналарына консультациялық және психологиялық көмектер көрсетіледі. Біз «Ашық әлем» қоғамдық қорымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Енді жақын уақытта Өскемен және Қызылорда қалаларында да осындай орталықтар ашылады», - деді «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының директоры Марат Айтмағамбетов. 

Өз кезегінде Қордың қамқоршылық Кеңесінің төрағасы, медицина профессоры Алмаз Шарман баланың бойындағы аутизм дертін ұзақ уақытқа созылатын бақылау барысында ғана дәл анықтауға болатындығын және бұл үшін тиісті мамандар қажет екендігін айтты.   

«Ұл балалар арасында аутизм дерті қыздарға қарағанда төрт есе жиі кездеседі. Аутизмнің пайда болуы негізінен генетикалық факторларға байланысты болады. Қазір еліміздегі аутизм дертіне шалдыққан ондаған мың бала тағы біраз жылда есейіп, ересек өмірге қадам басады. Ал оларға қоғамда өз орындарын табуға көмектесу - үлкен мәселе. Біз осы жағын ойлауымыз қажет», - деді А. Шарман.

Айта кетелік, жыл сайын 1-2 сәуір аралығында  әлем елдерінде «Көк түспен жақ» акциясы ұйымдастырылады. Көк түс - Бүкіләлемдік аутизм ұйымының түсі екені белгілі. Осы шара аясында Алматы әкімдігі мен басқа да бірқатар мекемелердің ғимараттары осы күндері көк түсті шамдармен сәулелендірілетін болады.

null null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар