19:39, 24 Мамыр 2016 | GMT +5
Алматыда авиакеросин тасымалдаған 5 автоцистерна жолдан шығып кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда авиакеросин тасымалдаған 5 автоцистерна рельстен шығып кетті. Бұл туралы ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты.

Оның айтуынша, оқиға 17.30 шамасында «Жұлдыз» шағын ауданында орын алды.
"Барлығы аталған рейсте 8 автоцистерна болған. Оларда авиациялық керосин тиелген.
Төтенше жағдайдан тұрғылықты халыққа қауіп төніп тұрған жоқ.
Оқиға орнында арнайы қызмет өкілдері жұмыс жасап жатыр. Олар жанармайды құйып алып жатыр",- деді Р.Иманқұлов.