14:55, 07 Мамыр 2011 | GMT +5
Алматыда автоәуесқойлар маусымы ашылады
АЛМАТЫ. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - 29 мамыр күні Алматыда автоәуесқойлар мерекесі өтеді.

Алматы әкімдігінің қолдауымен автоәуесқойлар маусымының ашылуына орай өтетін шара тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отыр.
Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мереке Астана алаңында ашылып, онда каскадерлер шоуы, түрлі конкурстар өткізіледі. Сонымен қатар «ерекше» автокөліктер таныстырылады. Сонымен қатар Алматының негізгі көшелері арқылы ең үлкен автошеру өткізілмек.
Қазіргі кезде шараға 27 автоклуб өкілдері тіркелген. Олар тарапынан жарысқа 300-ден астам көлік қатысады. Ал Астана алаңында өтетін ашылу шарасына 800-ден астам автоәуесқойлар атсалысады.